«Макроэкономика» пәні
курстық жұмысты орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………4
1.Макроэкономика пәнін үйренудегі курстық
жұмыстың маңызы….4
2. Курстық жұмыстың
құрылымы……………………………………….6
3. Курстық жұмыстың
орындалуына қойылатын негізгі талаптар……8
4. Курстық жұмыстың
орындалу тәртібі………………………………..9
5. Курстық жұмысты безендіру ..........................………………………12
6. Курстық жұмысты
қорғауға дайындық………………………………23
7. Курстық жұмысты
қорғау……………………………………………..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………26
Қосымшалар……………………………………………………………..27
Кіріспе
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында «Макроэкономика»
пәнінен студенттердің курстық жұмысты орындауы
қарастырылған. Курстық жұмыс экономикалық
ғылымды үйренудің, өзіндік білім, тәжірибе
алудың жағдайлар, қорытындылар, заңдарды терең
меңгерудің теориялық негіздерін үйренуде
студенттердің тәжірибелерін жетілдіруде маңызды бөлігі
болып табылады. Мұның барлығы болашақ маманның
кәсіптік қызметіне қажет.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты
тереңдетіп үйретумен қатар, библиографиялық,
статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал
мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің
даму мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты
тереңдетіп үйретумен қатар, библиографиялық,
статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал
мақалалары және т.б. жұмыстарды орындауда студенттердің
даму мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар, курстық жұмысты орындау студенттен
жұмыс жоспарын жетілдіруде ғылыми аппаратты дұрыс
қолдануды, пайдаланылған әдебиеттердің
библиографиялық тізімін және т.б.
құрастыруды талап етеді.
1. Макроэкономика пәнін үйренудегі
курстық жұмыстың маңызы.
Курстық жұмыс жоғары білікті мамандарды дайындау
формаларының бірі болып табылады. Оны жазу үлкен
маңызға ие:
·
біріншіден, ол экономикалық
әдебиеттермен шығармашылық өзіндік жұмыспен
айналысуға, негізгі ережелерді үйренуге жағдай жасайды, нақты
материалдарды талдауға, кестелер мен диаграммаларды
құрастыруға көмектеседі;
·
екіншіден, студент теориялық
мәліметтерді талдау кезінде
өзінің көзқарастарын тиянақты, экономикалық
түсінікті баяндауға және экономикалық теорияны
шығармашылық қолдануға, оны практикамен
байланыстыруға үйретеді;
·
үшіншіден, жұмыс макроэкономика
пәні бойынша студенттердің білімін тереңдетеді және
нығайтады.
Курстық жұмыс студентті ғылыми-зерттеу жұмысына
үйретеді және тәжірибелер мен дағдылар алуға
септігін тигізеді. Курстық жұмыс сонымен қатар макроэкономика
пәнінің маңызды мәселелерінің бірі ретіндегі
студенттердің өзіндік үйренудің нәтижесі болып
табылады.
Ұсынылатын талаптарға жауап беретін курстық жұмысты
дайындау үшін, студент жалпы экономикалық теория бойынша
алынған теориялық білімдерді ғана емес, барлық
шаруашылық субъектілерінің, соның ішінде
қаржылық–несиелік мекемелердің қызметін сипаттайтын
нақты мәліметтерді қолданады.
Студенттер курстық жұмысты оқытушының
жетекшілігімен орындайды. Орындалған жұмыс тексерілуғе беріледі.
Жақсы бағалағаннан кейін курстық жұмыс
қорғалуы тиіс.
Экономикалық теория пәнінен емтиханға тек курстық
жұмыс жақсы бағадағы студенттер жіберіледі.
Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және
«Экономикалық теория» кафедрасында сақталады.
Курстық жұмыстардың тақырыптары макроэкономика
пәнінің оқу
міндеттеріне жауап беруі тиіс және ғылым мен
өндірістің практикалық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тақырыптар нақты болуы керек, яғни студенттердің
өзіндік шығармашылық жұмыстарды үйренудегі
ғылымилық, өз уақытысында және бағыттылық
прициптеріне жауап беруі тиіс.
Курстық жұмыстың тақырыбына негізгі
талаптарының бірі кешенділік, яғни өзара байланыс
көпшілік сұрақтардың шешілуі. Тақырыптың
жеке бір сұрақтарын да нақты және кең
көлемде жетілдіруі тиіс.
Курстық жұмыстардың тақырыбы А қосымшасында
көрсетілген.
2. Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыстың құрылымына курстық
жұмыстың мазмұны мен
графикалық бөлімінің мазмұны кіреді.
Курстық жұмыстың мазмұны төмендегідей
құрылымдық элементтерді қамтиды:
-
сыртқы беті (қосымша
Ә)
-
тапсырма (қосымша Б)
-
аннотация:
-
мазмұны:
-
белгілеу мен қысқартулар
-
кіріспе
-
үш бөлім (екі бөлім)
құрайтын жұмыстың негізгі мазмұны:
-
қорытынды
-
қолданылған әдебиеттер
тізімі
-
қосымшалар.
Сыртқы беті Ә қосымшасына сәйкес А-4
форматтағы параққа орындалады. Сыртқы бетте
сөздерді тасымалдау рұқсатетілмейді. Нүкте
соңында қойылмайды. Егер топтық курстық жұмыс
орындалса, онда сыртқы бетке барлық орындаулар көрсетіледі. Қажет
болған жағдайда курстық жұмыстың мазмұны
бөлігіне әрбір орындаушының қатысқандығы
көрсетіледі.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің
кестесіне сәйкес ағымды семестрдің алғашқы
аптасынан кешіктірілмей беріледі.
Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті
мәліметтер беріледі (қосымша Б).
Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа
байланысты, оқыту пәні; студенттердің аты–жөні мен
тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері мен орындалу
мерзімдері; жетекшінің аты – жөні, оның қызметі, қолы
және тапсыру мерзімі.
Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде
ойластыруы керек және студенттердің дайындалу деңгейі мен
жұмысты орындауға кеткен уақытқа жауап беруі тиіс.
Тапсырмалар Б қосымшасына сәйкес бланктерде толтырылады.
Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіледі
және қолы қойылады.
Қажетті мәліметтерге ҚР нормативтік-заңдық
актілер, оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар,
анықтамалық әдебиеттер, статистикалық материалдар,
мерзімдік басылымдар жатады.
Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей
құрылымдық элементтердің айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Орындалу мерзімі төмендегіде ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта,
қорытынды - 1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта,
қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен
қатар, жұмыстың құрылымдық
элементтерің көлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет,
әрбір тарау - 10-15 бет, қолданылған әдебиеттер тізімі
-1-2бет.
Есептік – графикалық бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы,
орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан
кем емес орындалу ұсынылады.
Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер
қысқаша беріледі. Аннотацияда курстық жұмыс
көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы мәліметтер
қамтылады. Аннотацияны жазу үлгісі В қосымшасында
көрсетілген.
Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы
мен реттік номерлері кіреді.
«Мазмұны» сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады.
Қосымшада «_______» тақырыбына курстық жұмыстың
мазмұнын толтыру үлгісі көрсетілген.
«Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық
элементінде курстық жұмыста қолданылатын белгіленулер мен
қысқартулар тізімі сипатталады. Сөздерді қысқарту
үлгісі төмендегіше:
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер.
Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың өзектілігі, ондағы
мәселерді жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді.
Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың
мазмұны сипатталады. Бұл бөлім зерттелінетін
тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады.
Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай
көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі
бөлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40
бет болуы тиіс.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың
материалдары бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен
тұрады.
Курстық жұмыстың соңында белгілі бір
тәртіппен библиографиялық тізімдер берілуі тиіс.
3. Курстық
жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Курстық жұмысты орындайтын студент экономикалық теория
бойынша жазбаша жұмыспен ұсынылатын талаптарды білуі тиіс.
Жұмыста зерттелінетін тақырып бойынша жан – жақты
тереңдетілген теориялық білімдерге негізгі көңіл
аударылады.
Курстық жұмысты жазу әрбір бөлімнің негізгі
сұрақтардың мазмұнын қою мен сипаттаудан басталуы
тиіс. Мазмұнын айқындау ғылыми дәл, анық және түсінікті болуы керек.
Теориялық ережелер және қорытындылар нақты
материалдарға негізделуі керек. Экономикалық заңдар мен
болмыстар туралы дұрыс түсіну үшін, мүмкіндігінше
оларды тарихи аспектілерінде қарастырылуы керек. Ең
маңыздысы, курстық жұмыстың материалы логикалық
тәртіппен сипатталынуы.
Сол себепті, студентке ,курстық жұмыс тақырыбының
мазмұнын дұрыс толық
айқындау үшін, қажет:
- экономикалық мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,Елбасының
халыққа жолдауы , Үкіметтің шешімдерін үйрену;
- осы аталған мәселе бойынша қазақстандық
және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарын
зерттеу:
- мерзімдік басылымдар мен статистикалық жинақтарда
жарияланған статистикалық мәліметтермен танысу:
- таңдалған тақырып бойынша журналдарда басылып
шыққан мақалаларды үйрену.
Теориялық білімді жиналған материалды жазбаша түрде
сипаттау –бұл курстық жұмысты орындаудағы жаңа
маңызды кезең, білімдерді қалыптастыруының келесі
сатысы, оларды жүйелеу және түсіну. Ақпаратты өзіндік
алудың әдістерін үйрене отырып, студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру
керек. Студент курстық жұмыс орындау кезінде
мәліметтердің өзара байланысын, сызба бойынша жұмыс
істеу, теориялық және аналитикалық жағдайларды
байланыстың сипаттамасын бейнелейді.
Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылуы тиіс. Тіл,
стиль, қысқа сөйлемдердің құрылуы, өз
ойын түсінікті әрі жаттық тілде жеткізе білуі өте
үлкен роль атқарады. Сөздерді қысқартуда,
белгілеуде бірыңғайлықты сақтау керек. Басқа да
қысқартулар рұқсат етілмейді.
4. Курстық
жұмыстың орындалу тәртібі.
Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей
кезеңдерге бөлуге болады:
·
тақырыпты таңдау;
·
әдебиеттерді іріктеу және
үйрену;
·
жұмыс жоспарын
құрастыру;
·
нақты материалдарды жинау мен
жетілдіру;
·
курстық жұмысты жазу;
·
курстық жұмысты толтыру
(оформление);
·
курстық жұмысты
қорғау.
Курстық жұмыс тақырыбы «Экономикалық теория»
кафедрасының ұсынысымен, өздігінше таңдалады. Жеке
жағдайларда студент кафедраның тізімінде кіргізілмеген
тақырыптарды алуға құқылы болады.
«Экономикалық теория» кафедрасы курстық жұмыс
тақырыптарын
құрастырғанда оқу әдебиеттерінің тақырыптарына
сәйкес болмайтындығын байқауы керек және студентті өзіндік
жұмыспен айналысуына әдістемелік мүмкіндік жасайды.
Тақырыпты таңдауда бір оқу тобында курстық
жұмыстың бір тақырыбын тек бір ғана студент орындайды.
Тақырыпты таңдаудан соң, каталог бойынша қажетті
әдебиеттер тізімін құрастыру, іріктеу және зерттеу
қажет. Бұл жұмысты экономикалық теория
ұсынылған оқу бағдарламасы мен семинарлық
сабақты жүргізу бойынша әдістемелік
нұсқаулардағы әдебиеттер тізімімен жұмыс істеуді
бастау қажет.
Мерзімдік әдебиеттерді үйрену соңғы жылдары
жарияланған және курстық жұмысты толық
қамтитын басылымдарға, содан соң бұрынғы
басылымдарға ауысуға болады. Әдебиеттерді
үйренудің осындай тізбегі соңғы жылдағы
экономиканы тереңдету реформасымен байланыстырады, себебі экономикалық
ғылым – шығармашылық ғылым, тұрақты
түрде дамиды және жаңа ережелер, қорытындылар,
концепциялармен толықтырылып отырады.
Әдебиеттерді іріктеу және үйренуден соң студент
курстық жұмыстың жоспарын ойланып, мұқият
құрастыру керек, бұл негізгі сұрақтарды ашып
көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоспар – бұл жұмыстың негізі, осы жазбаша
жұмыстың деңгейі жоспардың құрылуына
толығымен сәйкес болады.
Құрастырылған жоспар кафедраның оқытушысы –
жетекшесімен келісуге ұсынылады.
Әдебиеттерді таңдау және үйренуден, жоспар
құрастырудан, статистикалық материалдар іріктеліп және
жетілдірілген соң курстық жұмыс жазуға кірісуге болады.
Курстық жұмыс 1 кестеде көрсетілген график бойынша
қатаң түрде орындалуы тиіс.
Кесте 1
Курстық жұмысты орындау кестесі
|
№ |
Жұмыс
элементтері |
Балдары |
Орындау
мерзімі |
|
|
1. |
Тақырып
таңдау |
- |
- |
1 апта |
|
2. |
Әдебиет
көздерін табу |
5 |
3 |
1 |
|
3. |
Кіріспе |
5 |
3 |
1 |
|
4. |
1 бөлім |
10 |
6 |
2 |
|
5. |
2 бөлім |
15 |
6 |
3 |
|
6. |
3бөлім |
15 |
6 |
3 |
|
7. |
Қорытынды |
5 |
3 |
1 |
|
8. |
Жұмысты
безендіру |
5 |
3 |
1 |
|
9. |
Жұмысты
қорғау |
- |
- |
1 |
|
10. |
Барлығы |
60 |
30 |
1 |
5.
Курстық жұмысты толтыру (оформление)
5.1. Жалпы ережелер
Курстық жұмыс МИ 4.7-006-2004 көрсетілген
талаптарға сәйкес толтырылуы тиіс.
Жұмыстың мәтіні (тексті) А4
парағының бір бетіне жазылуы тиіс, төмендегідей
алаңдарды сақтай отырып: сол жақтан -30мм, оң
жақтан -10мм, жоғары және төменнен-20мм. Мәтінді
компьютермен жазуда бірынғай интервал, 14 кегль болуы керек.
Жұмыстың ескі вариантын жақсылап қарап шығып,
оны қолмен таза әрі түсінікті етіп көшіріп жазу керек
немесе компьютерде өз еркімен қысқартуларсыз жазуға
болады. Грамматикалық және стилистикалық қателіктер
рұқсат етіледі.
Курстық жұмыстың мәтендегі барлық
анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан
алғашқы деректер (источники) көрсетілуі тиіс.
Курстық жұмыстың
беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы
жаңа беттен жазылуы керек.
Студент жұмысты жазып және толтырған соң
күнін белгілеп, қол қойып экономикалық теория
кафедрасына өткізуі тиіс.
5.2. Мәтінді, кестені,
графикалық материалдарды толтыру тәртібі.
Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу
тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әр түрлі
мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба,
диаграммалар) өрнектелуі тиіс.
Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы
ақпараттармен тиянақты және логикалық түрде
қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді,
әрқайсысының өз нөмері араб цифрларымен
сипатталуы тиіс.
Тақырыпша атаулары. Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты
және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі
әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен
жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі
әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады.
Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.
Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 0,7мм
болуы керек.
Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб
сандарымен нөмерленеді. Тараулар барлық мәтіндегі реттік
номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б.
Бөлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы
-1.2, 2.1, 3.1. т.с.с. іске асырылады. Тараулар, бөлімдер номерлерінен
соң нүкте қойылмайды (мысалы 1).
1 мысал
1 Қазақстан
Республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
динамикасы және экономикалық циклдердің теориялық
мәселелері
1.1 Қазақстан
Республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
түрлері мен есептеу тәсілдері
Мәтіндегі теңдеулер мен формулалар бөлек әріптермен
айқындалады. Әрбір формуланың жоғары және
төменгі жағына бір бос қатар қалдырылады. Егер
теңдеу бірқатарға сыймаса, онда мынандай белгілермен
теңдік белгісі (=) немесе қосу белгісі (+), алу ( - ),
көбейту ( х ) немесе ( : ) ауыстырылуы керек.
Кестелер. Кестелер формалары бірқатар қасиеттер
бойынша, көптеген объектілер жайлы сандық және сөздік
ақпараттарды бейнелеуде қолданады.
Кестелер көрсеткіштерді салыстыру мен көрнекілігі үшін
қолданады. Кестелер екі мәтіннен вертикалдық – графалар,
горизонталдық – қатарлар – графалар номерленуі керек, ал егер кесте
1 беттен көп болса, онда келесі беттен графа номерлері қайталанады.
Графалардың атаулары зат есімдегі жекеше атаулары тек жалпыға
белгілі қысқартуларға рұқсат етіледі.
Кестелер курстық жұмыста тікелей мәтіннен соң
орналасады, немесе келесі бетте көрсетіледі. Барлық кестелерге
түсініктеме беріледі.
Түсініктемелерде «кесте» номері көрсетіледі.
Мәтіндегі кестелер курстық жұмыстың барлығындағы
реттік араб сандарымен номерленеді. Номер кесте аталуының жоғары
сол жағында орналасады, «Кесте» сөзі жазылады.
Әрбір қосымшадағы кестені араб сандарымен белгілейді және сан
алдына қосымша белгісін қосады. Мысал – Кесте В.1 (егер кесте В
қосымшасында көрсетілсе).
Әрбір кесте өзіндік атауы болады. Кесте аталуы оның
мазмұнын дәл анықтайды. Кесте атауы ортадағы жолдан
«Кесте» сөзінің астында жазылады.
Кестенің графасы мен қатарының аталуынан соң
нүкте қойылмайды. Кестелер мен мәтін арасындағы
қашықтық 2 ұяшық
қатарларды құрайды.
Кесте келесі бетке ауыстырылса, онда тек кестенің бірінші
бөлігін ғана орналастырады. Келесі бетте сол жақта ....кестенің жалғасы...
және графа номерлері көрсетіледі (2 мысал).
Мысал 2
Кесте 1
Ақша
айналымының негізгі көрсеткіштері
|
|
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
|
Ақша
массасы, М3 млн. теңге |
172999 |
148549 |
273880 |
397015 |
|
Соның
ішінде: |
|
|
|
|
|
Айналымдағы
қолма –қол ақшалар, млн.теңге |
9270,6 |
68728 |
103486 |
106428 |
|
Қолма
–қолсыз ақшалар |
80203 |
79821 |
170394 |
290587 |
|
Ақша
мультипликаторы |
1,5 |
1,8 |
2,2 |
2,3 |
|
Ақша
массасының айналысының жылдамдығы |
9,7 |
11,7 |
7,4 |
6,5 |
Иллюстрация.
Иллюстрациялық материал (сурет, сызба, схемалар, диаграммалар) зерттеу
объектісін сипаттау немесе мәтінді (текст) жақсы түсіну
үшін қолданады.
Иллюстрациялық материал, қажетті ақпаратты
қамтамасыз ететін, тікелей мәтіннен соң орналасады немесе
келесі бетте орналасады. Барлық
иллюстрацияларда курстық жұмысқа түсініктеме
беріледі. Иллюстрация «Сурет» сөзімен сипатталады, мәліметтерді
түсіндірген соң қатардың ортасында орналасады.
Жұмыстағы орналасқан суреттер (сызбалар, графиктер,
схемалар, диаграммалар) конструкторлық құжаттардың
бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттарының
талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Курстық жұмыстың иллюстрациялық материал түрлеріне схемалар, диаграммалар
және кестелер жатады.
Схема – экономикалық болмыстар мен процестердің және
олардың басты элементтерінің өзара байланысын
көрсететін негізгі идеялардың шартты белгілерінің
көмегімен көрсететін сипаттаулар.
Схемаларды сипаттамалардың негізгі және көмекші байланыстарын
толық сызықпен белгілейді (мысал 3).
График (қисығы) –иллюстрациялық материалдың
көрнекілігін арттыру және талдау мақсатында қолданатын
мәндердің шартты белгіленуі, олардың арақатынасы.
Графиктің абсцисса және ордината осі тіке сызықтармен сызылады,
кординаттар осінің соңына сызықша
қойылмайды. Ординат осі бойынша шартты белгіленулер көрсетіледі
және белгілі шартты қысқартулармен сипатталады. (мысал 4).
Диаграмма – жалпы мәліметтерді сипаттау және талдаудың
көрнекілігі үшін құрастырылатын, мәндер
арасындағы байланысты графикалық бейнелеу әдісі.
Құрылу формасына сәйкес диаграммалар бөлінеді:
-жазықтық;
-сызықтық;
-көлемдік.
Жазықтық диаграммалар болады:
-бағаналық /ленталық;
-секторлық.
Сызықтық диаграммалар координата алаңдарын қолдану
арқылы құрған, абсцисса осінде уақыт немесе
факторлық (тәуелсіз) қасиеттері бойынша белгілі бір
кезеңдегі көрсеткіштер сипатталады.
Бағаналық диаграммалар вертикалды немесе горизонталды
орналасқан, бірыңғай екі тік төртбұрыштар
(бағаналар) түріндегі мәліметтер сипатталады. Тік
төртбұрышының биіктігі мәндерге пропорционалды болады.
Төртбұрышты диаграмманың вертикалды болып орналасуы –
бағаналық деп аталады (мысал5), ал горизонталды- ленталық деп
аталады /мысал 6/
Секторлық диаграммалар бірнеше секторларға бөлінген
шеңбер түрінде сипатталады.(мысал 7).
Иллюстрациялық материалдың тақырыптық аталуы болуы
керек, ол жоғарыға орналасады. Қажеттілігіне сәйкес,
графикалық материалдар астына түсіндіретін мәліметтер
орналасады.
Негізгі бөлімнің иллюстрациялық материалын, соның
ішінде қосымшаларды, араб сандарымен белгіленуі.
Сурет (сызба, схема, диаграмма) бір бетке орындалады. Егер сурет бір бетке
сыймайтын болса, онда басқа бетке тасымалдауға рұқсат
етіледі, бірақ оның тақырыптық атауы бірінші бетке
орналасады. А4 форматынан үлкен болатын кестелер, суреттер,
сызбалар бір бетке ескеріледі. Суреттер мен текст арасының
қашықтық 2 «бос қатар» болуын құрайды.
Мысал 3
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық –
несиелік жүйеде түбегейлі өзгерістер болады. Ең
алдымен, бұл оның құрылымымен байланысты (сурет 1),
субъектілердің меншіктік және экономикалық
қызметтерінің көп түрлі формаларымен сипатталады.
3 мысал
![]()
![]()
![]()
Қаржылық
– несиелік жүйе.

![]()


Сурет 1
Мысал 4
Акция
көлемінің өзгеру динамикасы
(номиналдық
құн бойынша)

млрд. теңге
Сурет 2
Мысал 5
ЕДБ-дің депозиттерді тарту бойынша
көрсеткіштер серпіні

Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі, Алматы; 2004.
Cурет 3
Мысал 6.
2004 жылға
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар.(млрд АҚШ
долл.)

Cурет 4
Мысал 7
2004
жылдағы Қазақстанның өнеркәсіп
салаларының үлес салмағы

Сурет 5
5.3. Беттерді номерлеу.
Курстық жұмыстың беттері араб сандарымен номерленеді.
Сыртқы беті жұмыстың жалпы номерлеріне кіреді. Сыртқы
бетіне, тапсырмаға, мазмұнына номер қойылмайды. Номерлеу
«Мазмұнында» «Кіріспе» құрылымдық элементінен
басталады. Номерлеу «Кіріспе» -ден 5 беттен басталып оң жақ
жоғарыға қойылады.
5.4. Қосымша
Қосымша мәтіндегі реттік тәртіппен түсініктеме
беруде, жұмысты жалғастыру ретінде толтырылады. Әрбір
қосымша жаңа беттен ортадан жоғары жағында
«Қосымша» сөзімен бейнеленеді. Қосымшаның өз
аталуы, жеке қатардан ірі әріптермен жазылады.
Қосымша орыс алфавитінің үлкен әріптерімен
З,И,О,Ч,Ы,Ъ,Ь әріптерін қоспағанда белгіленеді.
Қосымша сол төменгі жағында қандай
алғашқы деректерден (источники) алынғаны туралы
көрсетілуі тиіс.
5.5. Ғылыми
–анықтамалық аппарат
Курстық жұмыстың ғылыми–анықтамалық
аппараты екі өзара байланысты бөлімнен тұрады:
қолданылған әдебиеттер тізімі және
қатардағы түсініктемелер.
5.5.1. Қолданылған
әдебиеттер тізіміне негізгі талаптар.
Әдебиеттер мен түсініктемелерді толтыру мемлекеттік стандарттарда
көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Курстық жұмыста көрсетілген бұл нормативтік
құжаттардың қысқаша сипаттау формасы
қолданады.
Ведомстволық актілер сәйкесінше ведомостволардың ресми
басылымдары бойынша көрсетіледі:
Революцияға дейінгі актілер тиісті ресми басылымдарда
көрсетіледі.
Шет тіліндегі әдебиеттер тиісті тілдегі (соның ішінде
қатардағы әріптестердің) орфографиялық
мөлшерлердегі сақтаудың түпнұсқасы
көрсетіледі.
Егер жұмыста бірқатар сөздерден тұратын мерзімдік
басылымдардың аталуы қайталанатын болса, онда оны
қысқаша қысқартуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі екі интервал арқылы
алфавиттік тәртіппен орналасады, алдымен латын тілдеріндегі
әдебиеттер, содан соң –кириллица мен иероглификалық
хаттағы тілдердегі әдебиеттер орналасады.
Қатардағы түсініктемелер бір интервал арқылы
басылады. Тізімдер мен қатардағы түсініктемелер ара
қашықтығы 2-4 интервалды құрайды.
Жұмыстардың аталуы латын шрифтімен жазылады.
5.5.2. Библиографикалық сипаттауды
толтыру
Библиографиялық
сипаттаудағы бірінші элементті
толтыру автордың аты –жөні болып табылады. Бір
автордың сипатталуы оның аты –жөні атау септігінде
көрсетіледі.
Екі автордан тұратын басылымды
сипаттау екі автордың аты –жөндері үтір арқылы
бөлінеді.
Үш және одан да көп авторлардың басылымдарын
сипаттауда барлық авторлардың
аты –жөндері және «басқалары» сөздері
қосылады.
Қажеттілігі болғанда үш аты –жөнідері, үтір
арқылы бөлініп жазылады. автордың басылымдарын сипаттауда
барлық авторлардың
Кітаптың аталуы оның сыртқы бетімен алынады. Негізгі
аталуы мерзіміне қатысты, сонымен қатар конференциялар өткізу
туралы мәліметтер және тағы басқалар аталуына
грамматикалық байланысты емес болған жағдайда, аталуынан
кейін жазылады.
Егер олар
кітапта шеңбер жақшаларда болса, онда мерзімдер алдында үтір
қойылмайды.
Төменде
әр түрлі әдебиеттерден алғашқы деректердің
библиографиялық сипаттауларының үлгілері көрсетілген.
Құжаттардың
мемлекеттік стандарттары және жинақтары
«Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы»
ҚР Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы. ҚР
парламенті жетекшісі -2003.-№3 125-131бет
«Қазақстан Республикасында банктер және банк
қызметі туралы»: 1995жылғы 31 тамыздағы №2447
бұйрығына ҚР президентінің жарлығы. -1995-31
тамыз. №15-16 72-117бет.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық
комитетінің «Аймақаралық салық комитеті №1 мемлекеттік
мекемесін құру туралы: ҚР шешімдері. Акт жинағы,
-2003-№4, 182-183бет.
Бір, екі, үш және одан көп
авторлардың кітаптары
Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқу
құралы. –Алматы: Экономика, 2004 – 312бет.
Шуняк П.Н. Ценообразование: Оқу –практикалық оқу
құралы
-М.: «Дашков И.К» баспа үйі, 2001 -216б
Мельников В.Д., Ильясов Н.Н Финансы : Оқулық –Алматы;
Ғылым, 2001 – 512бет.
Финансовый менеджмент: теория и практика: Оқулық /Е.С.Стоянова
редакциясынан –М: «Перспектива» баспасы, 2000,- 656 б.
Бір автордың жинағы:
Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в
Казахстане. – Алматы: Қазақстан Республикасының статистика
агенттігі, 2001-348 б.
Коллективтік авторлар жинағы:
Кучукова Н.К. Децентрализация государственного управления и развитие
межбюджетных отношений в Казахстане.-//Сборник научных трудов ИЭ МОН РК/ Отв.
ред. М.Б.Кенжегузин – Алматы: ИЭ МОН РК, 2002-144-150бет.
Конференция материалдары
Ахметова Б.В. Экономикадағы қаржылық
-өнеркәсіптік топтардың ролі // «Әуезов оқулары
-1» халықаралық ғылыми – практикалық конференция
еңбектері» -Шымкент: ОҚМУ, 2000-10-12бет.
Диссертация авторефараты
Гимранова Г.И.
Становление и развитие национального финансово-промышленного капитала в
условиях транзитной экономики Республики Казахстан; Экономика
ғылымының кандидаттығына диссертация авторефераты.
–Қарағанды, 2003-29 бет.
Газеттер мен журналдардан мақалалар
Арыстанбеков К. Қазахстан и ВТО:Экономические
ожидания// Қазахстанская правда.-2003-3 сәуір.
Иванов В. Банки и электронное взаимодействие организаций-контагентов //
Банковские технологии -2002.-№11 39-41бет.
6. Курстық жұмысты
қорғауға дайындық
Студенттің жазған курстық жұмысы жетекшіге
тексерілуге беріледі. Бұл курстық
жұмыстың ұсынылатын талаптарына сәйкестігін
және курстық жұмысты қорғауға
дайындығын анықтау үшін қажетті шарты болып табылады.
Студент курстық жұмысты емтиханға дейін кафедраның
жетекші оқытушыларынан құралған комиссия алдында
қорғайды. Курстық жұмысты қорғаусыз
экономикалық теория пәні бойынша емтиханға жіберілмейді.
Рецензияның негізгі міндеті – студентке курстық
жұмыстың тақырыбын өзіндік жетілдіруде көмек
көрсетіп, кемшіліктерді жоюда нақты әдістемелік кеңес
беріп, келешекте оның білім алуының терңдету үшін.
Студент жетекшінің көрсеткен кемшіліктеріне көңіл
бөліп өзінің жұмысына сындық
көзқараспен назар аударып, барлық көрсетілген
мазмұны және толтыруына байланысты қателерді ойластыруы
қажет.
Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда студент
кемшіліктерін қайта жөндеп,
қайта кафедрағы жетекшісіне тапсырылады.
Егер курстық жұмыс өзіндік сипатқа ие болмаса,
әдебиет көздерінен немесе басқа авторлардан көшірілсе,
егер негізгі сұрақтар ашып көрсетілмесе, тексте
қателіктер болса, ғылыми аппарат дұрыс толтырылмаса, текст
салақ жазылса, онда курстық жұмыс қорғауға
жіберілмейді.
Сол себепті, курстық жұмысын қорғауға
дайындық ол- қателіктер мен кемшіліктерді жою, қосымша
әдебиеттерді үйрену, жұмыстан кез –келген
сұрақтарға жауап беру.
7. Курстық жұмысты
қорғау.
Курстық жұмысты қорғау барысында студенттің
міндеті-нақты тақырыптардың сұрақтарын
тереңдетіп түсіну, материалды жақсы меңгеру.
Егер студент берілген тақырыбында экономикалық
әдебиеттерден терең білім негізінде нақты
материалдарға өзіндік
талдау жасалынған болса, қорытындылар жасалынса, ғылыми
шығармашылық элементтері қамтылса, онда «Өте
жақсы» деген бағамен бағаланады.
Жұмысында
тақырыптың сұрақтары толық және жан –
жақты қамтылса, бірақ керекті шығармашылық
деңгейі көрсетілмесе, онда «Жақсы» бағасы қойылады
.
Егер жұмысында жеке сұрақтарының мәні
толығымен ашылмаса , онда «қанағаттанарлық»
бағасы қойылады.
Егер студент жұмысындағы материалды меңгермесе, рецензент
ескертулеріне жауап бере алмаса, мәселе бойынша қорытындылар мен
теориялық жағдайларға түсініктеме бере алмаса, онда
«қанағаттанарлық емес» бағасы қойылады.
Бұл жағдайда студент
қайта қорғауға жіберіледі.
Қорғау барысында қойылған сұрақтар мен
қорытынды бағасы курстық жұмысты қорғау
қорытындысы бойынша хаттамада көрсетіледі ﴾Қосымша Ғ Қорытынды
бағаларының критерийлері келесі 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Бағалау шкаласы
|
Бағаның пайыздық мәні |
Бағаны әріппен бейнелеу |
Бағаның сандық эквиваленті |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
|
95-100 |
А |
4,0 |
Өте жақсы |
|
90-94 |
А- |
3,67 |
|
|
85-89 |
В+ |
3,33 |
Жақсы |
|
80-84 |
В |
3,0 |
|
|
75-79 |
В- |
2,67 |
|
|
70-74 |
С+ |
2,33 |
Қанағаттанарлық |
|
65-69 |
С |
2,0 |
|
|
60-64 |
С- |
1,67 |
|
|
55-59 |
Д+ |
1,33 |
|
|
50-54 |
Д |
1,0 |
Қанағаттанарлық емес |
|
0-49 |
F |
0 |
|
Курстық жұмыстың қорғалуы мен бағалануы
–бұл студенттің өзіндік жұмысының
нәтижелерін қорытындылау және экономикалық теория
пәні бойынша емтиханға жіберілуге құқық
алуы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Жоғары оқу
орындарында оқытылатындардың үйымдастыру тәртібі мен
қорытынды аттестация жүргізу
туралы Ереже. Қазақстан Республикасы білім және
ғылым министрлігінің 12.06.00ж.№714 бұйрығымен
бекітілген.
3. МИ ОҚМУ 4.7.-00.6-2004. Курстық жұмыс жобасы
(курстық жұмыс). Курстық жобалауды ұйымдастыру.
Мазмұны, құрылуы, сипатталуы және толтырылуына жалпы
талаптар –Шымкент, 2004.
Қосымша А
«Макроэкономика» пәнінен
курстық жұмыстың тақырыптары
1.
Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-нің
ЖҰӨ динамикасын талдау.
2.
ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды
реттеу
3.
Аырбас бағам, халықаралық капитал
ағымы және сауда балансы
4.
ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі
5.
ҚР ақша – несие саясатының
ерекшеліктері
6.
ҚР сыртқы сауда байланысының
сипаттамалық белгілері
7.
ҚР фискалдық
саясаты
8.
ҚР шағын бизнестің дамуы және
оның экономикалық өсудегі ролі
9.
Экономиканың нақты саласына инвестиция салу,
жаңа технологиялар мен рестукткризацияны меңгеру.
10.
ҚР еңбекке сұраныс, артық
жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем
қабілетсізділік
11.
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық:
демографиялық және әлеуметтік
көрсеткіштерге байланысты
12.
Экономикалық реформалардың
демографиялық және әлеуметтік
салдары
13.
ҚР халық табысы мен шығындар динамикасы
және құрылымы
14.
ҚР қаржы нарықтарын талдау
15.
ҚР төлем қабілетсізділік
мәселелері
16.
Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық
агрегаттар динамикасын талдау (жинақ, тұтыну, инвестиция)
17.
ҚР салық салу жүйесін реформалау
18.
ҚР сыртқы сауда саясатының тауар,
капитал және шикізат ағымдарына әсері
19.
ҚР сыртқы сауда ұйымына кіру:
мәселелер мен перспективалар
20.
ҚР Зейнетақы жүйесін реформалау
21.
ҚР индустриалды- инновациялық саясаты
22.
ҚР экономикалық өсуі: факторлар,
кезендер және ерекшеліктері
23.
ҚР антимонопольдық реттеу және
оның мемлекет экономикасының
тұрақты дамуындағы ролі
24.
ҚР экономикасының аймақаралық
ерекшеліктері
25.
Монетарлық саясаттың экономикалық
өсуді қамтамасыз етудегі ролі
26.
ҚР-ғы банктік жүйенің дамуы
27.
ҚР депозиттерді сақтандыру және
халық жинақтарының динамикасы
28. Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы.
29. Қазақстан Республикасының
қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы.
30. Қазақстан Республикасының
протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (ДСҰ).
31. Қазақстан Республикасында
әлеуметтік процестерді басқару.
32. Қазақстан Республикасындағы
кедейшілікпен күрес.
33. Қазақстан Республикасында
тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері.
34. Қазақстан Республикасында
шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері.
35. Қазақстан Республикасының
экспорты және импорты.
36. Қазақстан Республикасындағы
валютаның еркін айналымы және теңгені
тұрақтандыру мәселелері.
37. ҚР-дағы еңбек нарығы
және халықтың жұмыспен қамтылуы.
38. Экономикалық өсу, оның
элементтері және даму сатылары. Неоклассикалық және кейінстік
модель.
39.Ақша нарығы және
валюталық биржалар
40. Нарықтық экономикадағы
табыстар мен олардың бөлу.
41. Инфляция: мәні, себептері және
әлеуметтік–экономикалық зардаптары.
42.Жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстағы классикалық және кейнстік
бағыттар.
43. Еңбек биржасы және оның
нарық жағдайындағы мазмұны.
44. Несие және оның
нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы ролі.
45. Мемлекеттің фискалдық саясаты.
46. Мемлекеттің монетарлық саясаты.
47. Нарықтық экономика
жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
48. Макроэкономикалық тепе- теңдік
және мемлекеттің ақша саясаты.
49.Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың(ӘКК)
құрылуы мен дамуы.
50.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.
51.Қазіргі әлемдік
шаруашылықтағы валюталық жүйе.
52.Әлемдік шаруашылық
жүйесіндегі аймақтық интеграциялық процестердің
ерекшеліктері.
53.Халықаралық валюталық
нарықтар және ваюталық реттеулер. ХВҚ.
54.Макроэкономикалық көрсеткіштер
және оны есесптеу әдістері.
55.Қазақстан Республикасының
орнықты дамуға көшу мәселелері.
56. Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы.
57. Еуропалық экономикалық
қауымдастықтың (ЕЭҚ) валюта-қаржылық
жүйесіндегі интеграциялық үрдістер.
58. Мемлекеттің салық жүйесі.
Салық және оның түрлері.
59. Мемлекеттік бюджет және бюджет
тапшылығының мәселесі.
60.
«Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы:
мәні, мүмкіндіктері.
Қосымша Ә
Ф.4.7-006-02
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні______________________________________
Мамандығы:___________________________________________
Тақырыбы:____________________________________________
_____________________________________________________
Курстық
жұмыстың
қорғалған
бағасы
Орындаған
студент________________
_______________________
(тобы,
аты-жөні)
(бағасы, күні)
Комиссия
мүшелері
___________________
(аты-жөні қолы, қызмет)
Жетекшісі____________
_____________________
(аты-жөні,қолы)
(аты-жөні қолы, қызмет)
Шымкент 2007
Қосымша Б Ф.4.7.-006-03
М.ӘУЕЗОВ
атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономикалық
теория» кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі,____________
«___» _______________200
МАКРОЭКОНОМИКА пәнінен
курстық жұмысқа
№ тапсырма
Студент______________
тобы__________
(аты-жөні)
Жұмыстың тақырыбы_____________________________________
Алғашқы деректер_______________________________________________
|
№ |
Курстық
жұмыстың мазмұны |
орындалу
мерзімі |
көлемі (парақ
саны) |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
№ |
Графикалық
бөлімінің мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Парақтар
саны |
Формат |
|
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
Әдебиеттер: 1___________________________________________________
2___________________________________________________
3____________________________________________________
Тапсырманың берілген күні________,
жұмыстың қорғалу күні
Жұмыстың жетекшісі ________________________________________
(қызметі, аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдадым__________________________
(аты –жөні, студент қолы
Қосымша В
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыста макроэкономикалық
көрсеткіштер–экономикалық циклдың өлшеуіші ретінде, оның
динамикасын талдау аспектілері қарастырылған.
ҚР-дағы
макроэкономикалық көрсеткіштер ішінен ЖІӨ -ді
есептеудің маңызы зор және ол соңғы жылдары
шамамен 10 пайызға жыл сайын өсіп, еліміздегі экономикалық
реформалардың тиімділігіне экономикалық өсуге әкеліп
отыр. Курстық жұмыста макроэкономикалық көрсеткіштер
динамикасы құрылымы келтірілген.
Курстық
жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық
жұмыс 30 бет комьютерлік текстте берілген, 6 сурет пен схема, 5 кесте, 2
қосымша және 20 түрлі әдебиет қолданылған.
Қосымша Г
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................4
І Қазақстан
Республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
динамикасы және экономикалық циклдердің теориялық
мәселелері...........................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер түрлері мен есептеу
тәсілдері...................................................6
1.2 Экономикалық циклдер түсінігі мен оның
фазалары………………………………….....................................................10
ІІ Қазақстан Республикасындағы негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасын талдау ……………………………………..............................15
2.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасын талдау.................................................................15
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасын талдау………….................................................20
ІІІ.Қазақстан Республикасындағы тұрақты
экономикалық өсуді жүзеге асыру мәселелері………………………..........................................................24
3.1 Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға
арналған орнықты дамуға көшу
тұжырымдамасы……………………………............................24
3.2 Қазақстан Республикасындағы тұрақты
экономикалық өсуді жүзеге асыру стратегиясы………………………………………...............................28
Қорытынды......................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі......................................................................35
Қосымшалар
Қосымша А. Қазақстан Республикасындағы негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы...............................................................................37
Қосымша В. Оңтүстік Қазақстан облысының
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы.............................................................................38
Қосымша Ғ
Ф.4.7.-008-06
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика
және қаржы» факультеті
«Экономикалық
теория» кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі,____________
«___» _______________200
Курстық жұмысты
қорғауға
N_ ХАТТАМА
_________________________________________________
пәні бойынша
_____________тобының студенті ____________________
Курстық жұмыстың тақырыбы____________________________________
_______________________________________________________________
Қорғау барысында келесідей сұрақтарға жауап
алынды
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Курстық жұмыс орындау барысында жинаған балы /60
балдан/________, қорғау бағаланады /40балдан/__балға.
Қосынды баллы_____
Курстық жұмыстың бағасы__________________
Курстық жұмыстың жетекшісі_________________________________
Комиссиямүшесі_________________________________________________
Комиссия мүшесі________________________________________
Қорғалған күні____________200__ж.